Пословицы на казахском о дружбе на казахском языке с переводом

Пословицы на казахском языке (мақал-мәтелдер) о друге

1. Дос – ажарың, жолдас – базарың.

Азаматпен дос бол, қадіріңді біледі.
2. Ауыр сөз айтқан дос емес.
3. Дос – ажарың, жолдас – базарың.
4. Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды.
5. Дос бергеннің түсіне қарама.
6. Дос болмас сыртта жүріп мақтамаса, бірін-бірі жамаңдықтан сақтамаса (Әбубәкір) .
7. Дос болсаң берік бол, досыңа серік бол.
8. Дос деп сынамай сыр айтпа, достың да досы бар.
9. Дос досқа жалынса, достың көңілі алынады.
10. Дос досқа зиянкер емес, зиянкер болса дос емес.
11. Дос егіз, дұшпан сегіз.
12. Дос емес достың сөзін бөтен десе,
Достқтан бір өкпемен кетем десе (Серәлі).
13. Дос емес досты сырттан жамандаса,
Кісі емес бір қатені жаба алмаса (Ақмолда) .
14. Дос жылатып айтады,
Дұшпан күлдіріп айтады.
15. Дос көбейсе дұшпан аяқ астында.
16. Дос көңіліңді суытып айтады,
Қасың ойыңды жылытып айтады.
17. Дос көргеннен түңілме.
18. Дос көтерер көңілді,
Мал көтерер өлімді.
19. Дос құшағы – жаз.

  1. пословицы о дружбе на казахском языке с переводом
    www.bilu.kz

    Казахские пословицы и поговорки о дружбе на казахском языке с переводом.

  2. Ответы@Mail.Ru: пословицы про дружбу на казахском 10
    otvet.mail.ru

    Категории Все вопросы проекта Компьютеры, Интернет Темы для взрослых Авто, Мото Красота и Здоровье Товары и Услуги Бизнес, Финансы Наука, Техника, Языки Философия, Непознанное

  3. …2-3 пословицы о дружбе на казахском языке с переводом
    znanija.com

    Как будет на казахском языке: Она учитель казахского языка.

  4. Казахский язык. Грамматика. ПословицыДружба, вражда
    www.kaz-tili.kz

    Пословицы на казахском языке на тему: Дружба, Вражда. 1 Досың көп болса, жолың да ашылады. Друзей много – шире дорога. 2 Достық жоқ жерде табыс жоқ. Где нет дружбы, там нет успеха.

  5. Пословицы и поговорки на казахском языке с переводом
    mamulichkam.ru

    Казахские пословицы и поговорки. Мақал, мәтелдер туралы. Самая лучшая коллекция пословиц и поговорок на казахском языке с переводом на русский для детей и взрослых.

  6. Казахские пословицы — Мақал, мәтелдер туралы
    proverb.kazakh.ru

    Казахские пословицы на казахском языке с переводом на русский язык. Казахские пословицы на тему: о родине, о народе, о семье, о гостеприимстве, о языке, о еде, о домашних животных, о дружбе, о животных, о хлебе, о труде и многое другое.

  7. подскажите пословицы о дружбе на казахском — Все сочинения
    rbs-club.ru

    Все сочинения ➜ Русский язык ➜ подскажите пословицы о дружбе на казахском.

  8. …(Пословицы на казахском языке) – Достық туралы (О дружбе)…
    kz-en.ru

    Главная » Статьи » Казахский язык » Казахские пословицы.

  9. Сборник «Казахские пословицы в переводе на русский
    infourok.ru

    Сборник казахских пословиц в переводе на русский и английский языки. Составитель. учитель начальных классов.

.

Айрылғысы келген дос аяулыңды сұрайды.
Айрылар дос ердің артқы қасын сұрайды.

Айрылмастай досыңа қайрылмастай сөз айтпа.

Айтулы

дос тың малы бір,

кемедегінің жаны бір.

Алыстағы досыңа
ат берсең де жарасар —
үйіне мініп барсын деп.
Жақындағы досыңа
хат берсең де жарасар —
ұмытса есіне алсын деп.

Ауыр сөз айтқан дос емес.

Босқа бергенше досқа бер.

Бір пайдадан кешкен мың кісімен дос болады.

Дәмді болса — достық қымбат,
Мәнді болса — жастық қымбат.

Дос — ажарың, жолдас — базарың.

Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды.

Дос бергеннің түсіне қарама.

Дос болмас сыртта жүріп мақтамаса, бірін-бірі жамаңдықтан сақтамаса

(Әбубәкір).

Дос болсаң берік бол, досыңа серік бол.

«Дос» деп сынамай сыр айтпа, достың да досы бар.

Дос досқа жалынса, достың көңілі алынады.

Дос досқа зиянкер емес, зиянкер болса дос емес.

Дос егіз, дұшпан сегіз.

Дос емес

дос тың сөзін бөтен десе,

Дос тқтан бір өкпемен кетем десе

(Серәлі).

Дос емес

дос ты сырттан жамандаса,

Кісі емес бір қатені жаба алмаса

(Ақмолда).

Дос жылатып айтады,
Дұшпан күлдіріп айтады.

Дос көбейсе дұшпан аяқ астында.

Дос көңіліңді суытып айтады,
Қасың ойыңды жылытып айтады.

Дос көргеннен түңілме.

Дос көтерер көңілді,
Мал көтерер өлімді.

Досқа ат берме,
ат берсең «жай жүр» деме.

Дос қа ауырлығыңды салма,

Дос тан қарыз алма.

Досқа келсең босқа келме.

Дос пен

дос болғанша шаттан,

Дұшпанмен

дос болғаннан сақтан.

Күлме досыңа, келер басыңа.

Досыңмен көп сөйлеспе,
Жолынан қалтырасың.
Дұшпаныңмен көп сөлеспе,
Сырыңды алдырарсың.

Дос сыртыңнан мақтар,
Дұшпан көзіңе мақтар.

Денің сау болса,
Жарлымын деме.
Жолдасың көп болса,
Жалғызбын деме.

Аз қайғыны ас басады,
Көп қайғыны дос басады.

Жаман жолдастан,
Жақсы дұшпан артық.

Әкесі құрдастың баласы да құрдас.

Досыңа өтірік айтпа,
Дұшпаныңа сырыңды айтпа.

Дос жылатып айтар,
Дұшпан күлдіріп айтар.

Қажымалы мың жолдас, жоқпен тең,
Жанын қиған бір жолдас, көппен тең.

Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.

Жаман туғаның болғанша,
Жақсы жолдасың болсын.

Құрдастардың құдайы бір.

Тектімен достас, тексіз доспен қоштас.

Досыңның досын, досың ет.

Досы көпті жау алмас.

Жақсы досқа жақсы мал бер.

Досың ұрса аңқылда.

Досыңның пышағымен мүйіз кес.

Нағыз дос дұшпан болмас.

Дос айырған боқ жейді.

Есепті дос айрылмас.

Досыңның атын алма, тайын ал.

Ас бар күнде дос жалықпас.
Дос сүйгеннің түсіне қарама.

Дос табылса ас табылмайды,
Ас табылса дос табылмайды.

Айтулы достың малы бір.

Дос болып, қатасқаннан сақта құдай.

Қасқырда жолдасына жат қас қылмайды.

Ай көрмесең туысың жат,
Жыл көрмесең жолдасың жат.

Төбелеске бергісіз араша бар,
Ағайынға бергісіз жанаса бар.

Дос та дос, дұшпан да дос мал барында.

Жалған жолдас көзіне мақтар,
Сырт айналып, сойылын баптар.

Айырылмас досыңа қайырылмас сөз айтпа.

Тістем нанның қадірін тарыққанда білерсің,
Анық достың қадірін зарыққанда білерсің.

Жақсы көрші тапқаның,
Мол олжаға батқаның.

Аталастан ауылдас жақын.

Жалған достан жау артық.

Өз басыңды дауға берсең де,
Жолдасыңды жауға берме.

Дос тұтқанды қадірле.

Жақсының күнде бір үйі кеңиді.
Жаманның күнде бір үйі кемиді.

Досы көптің жаны семіреді,
Асы көптің тәні семіреді.

Жақсымен жүрсең,
Жақсы боларсың.
Жаманмен жүрсең
Жын ұрып, бақсы боларсың.

Шошқаға ерген балшыққа аунар.

Пайданың зоры – дос үшін шеккен зиян.

Жолдасын тастаған жолда қалар.

Біреу жаныңа жолдас,
Біреу малыңа жолдас.

Заттың жаңасы жақсы,
Достың ескісі жақсы.

Жартыны жарып жеген –
Татулықтың белгісі.

Жаңа дос келгенде,
Ескі достың көзінен жас шығады.

Достың орны — төр,
Дұшпанның орны – көр.

Жаман дос жауыңмен бірге шабады.

Досы жоқ адам —
Тұзы жоқ тағам.

Досыңа ат берме,
Ат берсең, ақырын жүр деме.

Жолдасың соқыр болса,
Сен де бір көзіңді қысып қой.

Тар жерде табысқан,
Кең жерде келіседі.

Елсізде ит те жолдас.

Қадіріңді білгің келсе,
Көршіңнен қарыз сұра.

Жолдасың жақсы болса,
Жолым ұзын деме.
Жолдасың жаман болса,
Қолым ұзын деме.

Көршің қолайлы болса, қораң кең.

Дос

таппай көңіл тыным таппас.

Екі жақсы қосылса,
Өлгенінше дос болады.
Екі жаман қосылса,
Өлгенінше қас болады.

Дос

ы көппен сыйлас,

Досы азбен сырлас.

Ерегескен ел болмайды,
Есептескен дос болмайды.

Ауыл итінің достығы
Сүйек тастағанша.

Қасың менен досыңды
Қас-қабағың танытар.

Жолдасты жол айырады.

Жаман жолдастан мықты таяқ.

Ұрыстың мерейі – ерлік,
Ырыстың мерейі – бірлік.

Ағаш тамырымен,
Адам досымен мықты.

Досыңды мақтағаның — өзіңді жақтағаның.

Татулық табылмас бақыт.

Айырылар дос ердің алдыңғы қасын сұрайды.

Жаман дос – көлеңке: басыңда күн барда қашып құтыла алмайсың, бұлт төнсе, іздеп таба алмайсың.

Достық пен жолдастық
Тату үйдің бақыты тасыр,
Ұрыс-керіс үйдің ырысы қашар.

Жолдасы көптің – олжасы көп.

Қимас досың сұраса қимасыңды бересің.

loading…

Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Добавить комментарий